Accessibility links

Францияның солтүстігіндегі “Сен Обер” зираты бұзақылар қолынан талқандалған.


Жергілікті құқық қорғаушылардың хабарлауынша, жауыздыққа барғандар тек британ әскерлерінің қорғандарын ғана ашып, мәйіттерді шашып, ондаған ескерткішті қопарып олардың жазуларын жойып жіберген. Францияның қорғаныс министрлігі жанындағы ардагерлер ісі жөніндегі мемлекеттік хатшы Амлауи Мекашера вандалдардың бұл әрекетін қатты сынап, оны Францияда қаза тауып, осы жерде жерленген әскерлердің әруағын қорлаған кешірілмейтін күнә деп атады. Көкек айында Франция президенті Жак Ширак вандалдардың Францияның тағы басқа қорғандарындағы британ әскерлерінің мүрдесін талқандағаны үшін Ұлыбританиядан кешірім сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG