Accessibility links

Либерияда көтерілісшілер екінші үлкен қала- Бьюкененді басып алды.


Бұл қала Либериядағы өте үлкен теңіз порты болып саналады. Либерия астанасы Монровияда әлі де қақтығыстар жалғасып, президент Чарльз Тейлорға адал берілген әскерлер әуежайды алмақшы болған көтерілісшілерге тойтарыс берді. Осы арада бұл аймаққа АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Уолтер Канстайнер батыс Африка елдері жетекшілерімен Либерияда африкандық бітімгершілік контингентін орналастырудың мерзімін талқылау үшін келді. АҚШ-тың бітімгершілік күштерінің кемелері Либерия жағалауларын бақылауда ұстауда.
XS
SM
MD
LG