Accessibility links

Құрама Штаттар Израиль басшылығының 540 палестиндік сотталғанды түрмеден босату жөніндегі шешімін оң қабылдады.


Ақ үй өкілі Скотт МакЛеллан бұл шешім израиль-палестина келіссөздерін сәтті реттеу мүмкіндігіне ықпалы болады деген. Бүгін Вашингтонда АҚШ президенті Джордж Буш пен Израиль премьер министрі Ариель Шаронның кездесуі болады. Олар жол картасы деген атпен белгілі халықаралық жоспарының орындалу жолдарын талқылайды. Бұл келіссөздерде Америка президенті Израилдің Иорданның батыс жағалауында салып жатқан қорған-қабырғасы сынды бейбіт процесті қиындатып отырған бірқатар мәселелерді қозғамақшы. Израиль бұл қабырға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет десе, Палестина жағы оның салынуына бірден қарсылықтарын білдірген.
XS
SM
MD
LG