Accessibility links

ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысы


29 шілде күні Мәскеуде ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысы өтті

29-шілде күні Мәскеуде ЕурАзЭҚ интеграциялық комитеті жанындағы жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі интеграцияны дамыту мәселесі қаралады деп хабарлайды “Интерфакс» ақпарат агенттігі.

ЕурАзЭҚ-тың баспасөз хатшысы Владимир Никаноровтың “Интерфакске” мәлімдеуінше, “онда қоғамдастық елдерінің өзара саудада арнайы қорғау, антидемпингтік және компенсациялық шараларды қолданбау жағдайында ішкі рынокты қорғау механизмінің қызмет ету мәселесі талқыға түспек”.

Отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-тың жалпы кедендік тарифін қалыптастыру барысы туралы пікір алмасып, ЕурАзЭҚ-тың 2003-2006 жылдарға арналған дамытудың басым бағыттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, осы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шараларды қарастырады.

Отырысқа ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота қатысады. ЕурАзЭҚ құрамына Белоруссия, Қазақсан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері кіреді. Армения, Молдавия және Украина елдері бақылаушы ретінде қатысады.
XS
SM
MD
LG