Accessibility links

Қазақстанның болашақ зейнеткерлеріне қатысты өзгерістер


29 шілде күні Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының жетекшілері журналистермен кездесті.

Онда олар халықаралық тәжірибеге сәйкес Қазақстанның зейнетақы қорлары бағаланатынын жеткізді. Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының аға менеджері Құралай Қаназдың айтуынша, бұл сынақ арқылы зейнетақы қорларының жұмысы жақсару керек, себебі бұл енгізілген өзгеріс бәсекелестік туғызуға мүмкіндік береді.

- Осы күнге дейін, бағалы қағаздар портфелінің құны мен сапасын толық көрсете алмайтын. Біріншіден, ол қаржы құралдарының жеке түрлері бойынша тәуекелді ескермейтін. Бұрын бағалы қағаздар портфелінің құны көбіне сатып алу құнын көрсеткен болса, енді зейнетақы активтерін рыноктық бағалау енгізілгелі портфель құны, рыноктық құнды ескергенде, оның нақты құнын көрсетеді.Бұл салымшылардың мүддесін қорғауда өте маңызды. Сонымен қатар, Құралай Қаназдың айтуынша, жаңа енгізілген өзгеріс қарапайым қазақстандықтарға өте тиімді, себебі жинақтаушы зейнетақы қорлары көрсететін кызмет сапасын жоғарылатады.

- Бұрын салымшылар көбіне басқа қорларды табыстылығына қарай таңдайтын, қайсысы жоғары, соған баратын, енді халықаралық тәжірибе бойынша, әділ түрде бағалауға болады. Бұл баға қор биржасында анықталады.Осы арқылы зейнетақы қорлары арасындағы бәсекелестікті артыруға болады. Өз кезегінде қорлар салымшылары көп болу үшін, салымшыларға көрсететін қызмет сапасын жоғарылатады.

Зейнетақы қорларының табыстылығын бағалау арқылы мамандардың айтуынша,қазақстандықтар қордың жұмыс сапасы жөнінде толық ақпарат алады. Бүгіннің өзінде жаңа енгізілген өзгерістерге байланысты кіріс деңгейі нашар жинақтаушы қорлар анықталған.
XS
SM
MD
LG