Онда сегіз шешен жауынгері өліп, екеуі тұтқынға алынған. Әскери комендатураның басшысы хабарлағандай, ұсталғандардың біреуі дала командирі Шамиль Басаевтың көмекшісі екені нақтыланған. Сондай-ақ, әскери ротаның екі сарбазы қаза тапқан. Осы түні Грозныйда гранометпен атқыланған ірі трансформатор бекеті істен шыққан.
Оның шығыны 2 млн рубльге жеткен. Осының салдарынан бірнеше аудандар жарықсыз қалған.