Жарылыс түнде каскадер Дилнаваз Ханның үйінде орын алып, құрбан болғандардың ішінде оның өзімен бірге әйелі мен қызы да болған. Мамандар мұндай үлкен жарылыстың тек пиротехникалық заттардан болғанына күмән тудырып отыр. Өткен дүйсенбіде Бомбейде бір автобус жарылып, төрт адам өлген болатын. Оны билік басылары ислам экстермистерінің ісі деп айтқан еді. Енді полиция осы автобус жарылысымен бүгінгі қаза болған каскадердің қандай да бір байланысы бар ма дегенді анықтап жатыр.
Бомбейде кино түсіруге дайындалған пиротехникалық заттардың жарылуы салдарынан, 7 адам қаза болып, 20-дан аса кісі жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV