Accessibility links

Израиль мен Палестина жоғарғы өкілдерінің Иорданның батыс жағалауындағы біраз қалалардан израиль әскерін шығару жөніндегі келіссөздері сәрсенбі күні нәтижесіз аяқталды.


Израиль мен Палестина жоғарғы өкілдерінің Иорданның батыс жағалауындағы біраз қалалардан израиль әскерін шығару жөніндегі келіссөздері сәрсенбі күні нәтижесіз аяқталды.

Кездесуге Израиль қорғаныс министрі Шауль Мофаз бен Палестина қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохаммед Дахлан қатысқан. Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Израиль Иерихон мен Калькилиядан жасақтарды шығаруды ұсынған, бірақ Палестина оның орнына аутономияның әкімшілік орталығы Рамаллаға бақылауды өздеріне беруді сұрады. 2001 жылдың желтоқсан айынан бері Рамаллада Палестина жетекшісі Ясир Арафатты израиль әскері қоршауда ұстап отырған еді. Палестина премьер министрі Махмуд Аббас жақында АҚШ пен Израильден Арафаттың еркін жылжуына келісім алуға тырысатынын хабарлаған. Соңғы түскен хабарларда Израиль қорғаныс министрі Шауль Мофаздың алда болуы ықтимал әскери жаңа шабуылдар алдында соғыс дайындығы жағдайында тұру керектігін хабарлағаны айтылған. Сонымен бірге қорғаныс министрлігі Иорданның батыс жағалауында салынып жатқан қорғаныс қабырғасының бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлады. Бүгін ол аймақта 200-дей палестиндік бұл қабырғаның тұрғызылуына байланысты наразылық акциясын өткізген.
XS
SM
MD
LG