Accessibility links

Буш Шаронмен келіссөздер өткізген соң Израильге қысымын азайтып отыр.


Сейсенбі күні, яғни Палестин бас министрі Махмут Аббасты қабылдағанан кейін, төрт күнен соң АҚШ елбасы Джордж Буш Израиль үкіметбасы Ариель Шаронды қабылдады. Олардың келіссөздері Таяу шығыста бейбітшілік орнату бойынша "жол картасы" жоспарына арналды.

Өткен аптада АҚШ елбасы Джордж Буш Палестин бас министрі Махмут Аббаспен жолыққан соң Израильдің атына бірер қатқыл сөз айтқан еді. Сейсенбі күні Буш өз сарынын өзгертті. Ол Ақ үйдің Райхан бағында Израиль үкіметбасы Ариель Шаронмен кездескен кезде тұрғызылып жатқан дуал жөнінде ол тек қиыншылықтар тудырып отыр деумен шектелді. Баспасөз малихаты кезінде Шарон былай деді:

- Палестиндіктердің күнделікті өмірлерін мүмкіндігінше қиындатпастай қып қауіпсіздік дуалы салына беретін болады.

Өткен жұмада Буш Батыс жағалаудағы "жыланша ирелеңдеген қабырға" палестиндіктер мен израильдіктердің арасында сенім ұялатуы екіталай деді. Сейсенбі күнгі баспасөз маслихатында Буш өз мәлімдемесінде:

- Бейбіт Палестин мемлекетінің құрылуынан Израиль халқының ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі және террорлық топтардың қауіп төндіруі мен арандатушылықтары және өшпенділіктің болмауы байланысты, -деді.

Буштың Аббас болғанда біртүрлі сөйлеп, Шарон келгенде екінші түрлі сөйлеуіне сын айтылып жатыр.

АҚШ астанасындағы Таяу шығыс институтының зерттеу орталығының өкілі, сондай-ақ Джордж Вашингтон университетінің профессоры Мұрхаф Жоуеджатидың "Азаттыққа" айтуынша, Буш өзінің Таяу шығыста бейбітшілік орнату әрекетінде "бір жаққа бір нәрсені айтып, екінші тарапқа өзгені айтып сенімнен айрылыуы мүмкін" деді .

- Бұл шынымен де кері қайтару бәлки американ әкімшілігі Израильге ықпал жасауға дәрменсіз шығар. Әйтсе де, бұл американ әкімшілігінің жауласушы екі жаққа да икемделуінің мезгілі, осы арқылы жол картасын іске асыруда алға басушылық болады. Елбасы Буштың үнсіз қалуы, Израильге қоршау тұрғызуда жасыл шам беріп тұр.

Басқалар жағдайға басқаша қарайды. Мичиган Университетінің профессоры, Таяу шығыс бойынша маман, әрі бұрынғы елбасы Рональд Рейганның Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінде қызмет жасаған Раймонд Тантердің айтуынша:

- Буш әкімшілігі терроршылдық және "зұлымдық ордаларының " ми батпақтарын кептіріп Таяу шығыста израиль-палестин бейбітшілігін орнатуға даяр болатындығына сенеді.

Ақ үйде Бушпен келіссөздер кезінде Шарон араб жерлеріндегі заңсыз еврей " бекіністерін " Израиль алып тастайтындығы туралы айтты. Жол картасына сай Израиль 2001 жылдың наурызынан бастап тұрғызылған бекіністерді алуы тиіс. Сондай-ақ, 150 еврей ауылының қанат жаюы тоқтатылуы керек.

Палестин ақпарат министрі Набил Амр соңыра Шаронның мәлімдемесін теріске шығарып:

- Израиль бірде -бір жаңа қоныстың тірлігін, қауіпсіздік дуалының қабырғасын қозғамады. Бұндай әрекетсіздік жол картасына үлкен қол байлау, - деді Амр.

Буш пен Шарон Израиль терроршылдықты қайта бастайтын, кез-келген палестиндік тұтқынды босатпауы керектігіне келісті.

Өткен аптада, Аббас Израиль 7 мыңнан аса тұтқынды бостандыққа шығарсын деді. Израиль бірнеші жүз адамды шығарып, Шарон және жүзқаралы қамалғанды босататындығын айтып, уәде берді. Шарон сондай-ақ, егер палестиндіктер қазіргі тыныштық сақтауын жалғастырар болса және Аббас террорлық ұйымдарды жапса, онда Израиль жеңілдіктерге баруы мүмкіндігін білдірді.

Бірақ Құдыстағы Израиль қарулы күштерінің басшысы таяуда Палестин жауынгерлері жариялаған тыныштық ұзаққа бар қоймас деді.

- Мен келесі қан төгістердің толқыны көтерілер екен деп күн санап жүрмін, -дейді Израиль Әскери радиосына Генерал-лейтенант Моше Йаалон.
XS
SM
MD
LG