Ал бұл бейбітшіліктің Жол картасы жоспары талабына қайшы келеді.
Палестиндық белгілі заңгер Саеб Ерекеттің айтуынша , Израильдің бұл жаңа құрылысы 34 айлық жанжалдан кейінгі Жол картасы жоспарына соққы болып тиюі мүмкін.
Израиль мен Палестина арасында, Батыс жағалаудағы екі қаланы өз иесі - палестиндықтарға қайтару жөніндегі келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Израиль Ерихо мен Қалқилиядан өз әскерлерімізді алып шығып кетеміз, деген ұсыныстың орнына палестиндықтар өз әкімшілік-басқару орталығы Рамаллаға бақылау жасау қажет, деген талап қойған.
Бұл мәселелерге қарамастан Жол картасының алғашқы фазасы - іске асу қарсағында, деген Вашингтоннан қайта оралған Израиль бас министрі Ариель Шарон.