Accessibility links

АҚШ Корея Халық Демократиялық Республикасы - Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселеге байланысты көпжақты келіссөздерге дайын екендігіне риза болды.


Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Корея Халық Демократиялық Республикасының Мәскеудегі елшісі Пхеньян екі жақтағы корейлік мемлекеттердің, АҚШ-тың, Ресей, Қытай және Жапония арасында өтетін келіссөздерге дайын екендігін мәлімдеген. Мемлекттік департамент өкілі Ричард Баучердің айтуынша, “Вашингтон бұл шешімге дән риза”. Мұның алдында Солтүстік Корея ядролық мәселеге байланысты тек АҚШ пен тікелей келіссөз өткізуді талап еткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG