Accessibility links

«Қазақстан халықтары» атты апталық хабар


1990 жылдардың басында Қазақстанда басталған көші-қон процессі күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді.

Бұл процесс мамандардың пайымдауынша, алғашқы кезеңдермен салыстырғанда сәлде болса, төмендеген. Эмиграция немесе ауып кету көрсеткішінің төмендеуі жөнінде біз бүгінгі «Қазақстан халықтары» атты бағдарламамызда республикада мекендейтін халықтардың пікірін білген едік. Қазақстандағы неміс қауымдастығының мүшесі, жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер эмиграция мәселесі жөнінде өз пікірін былай деп жеткізді.

Қазақстандағы неміс қауымдастығының мүшесі, жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер:

- Көшіп жатқан немістер көп, аз емес.Тек Қазақстаннан ғана емес, Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттердің барлығынан кетушілер көп. Олардың жағдайы Германияда ерекше жақсы, деп айтуға болмайды. Әрине, зейнеткерлердің, балалардың жағдайы жақсы,шалдардың , зейнеткерлердің дәрілеріне ақшалары жетеді.Оқушылар өз білімдерін алып жатыр, бірақ еңбек жасындағылардың жағдайы мықты емес. Себебі жұмыс жоқ, сол себептен олар әлеуметтік көмек ретінде берілетін ақшаға күн көріп отыр. Олардың тамағы тоқ, көйлегі көк, бірақ олар өздерін Германиялық немістер ретінде сезіне алмайды, есептей алмайды Демек, Германияға жаппай көшудің қажеті жоқ. Мысалы, мен өзім Германияға көшкім келмейді,себебі мен Қазақстанда тұрып жатқаныма 60 жылдай уақыт болды. Мен өзімді осы елге, осы мемлекетке керек адаммын,деп есептеймін.Ал, Германияға барсам, онда сол елдегі зейнеткерледің бірі болып,көшеде амандасатын адам болмай қалар еді.

Қазақстандағы түркмен қауымдастығының өкілі Шихдүрды Орадов тарихи отанындағы жағдаймен Қазақстандағы жағдай ұқсас болғандықтан ауып кету туралы ойламайтындығын айтты.

Қазақстандағы түркмен қауымдастығының өкілі Шихдүрды Орадов:

- Әрине, тұған жерімізді сағынамыз, бірақ тарихи отанға кету жөнінде ойланбаймыз.Түркменстандағы жағдай да осындағы жағдайға ұқсас, деп айтуға болады. Анда-санда барып тұруға болады, бірақ көшу жөнінде мәселе жоқ.

18 жасар Светлана Пагасян Арманияда қалған өзінің балабақшасын сағынады, тарихи отанындағы табиғатты аңсайды екен. Светлана Қазақстанға 6 жасында келген, сол уақыттан бері Арменияға қайта оралуды армандайтының жасырмады. Бос уақыттарында армян тілінде өлең оқып, тарихи отанын есіне алып отырады. 18 жасар қыз жоғары білім алып, дәрігер мамандығына ие болғаннан кейін, тарихи отанына оралуды жоспарлап отыр, себебі мен отаншылмын, -дейді ол.

Үстіміздегі жылы дунған халқының Қазақстанға жер аудырап келгеніне 126 жыл толды, Исқар Кәрімнің айтуынша, 100 жылдан астам уақыт өтседе, оның тарихи отанында қалған туыстары хабарласып тұрады, арасында тарихи отанына шақырады.

Қазақстандағы дуңған қауымдастығының мүшесі Исқар Кәрім:

- 100 жылдан астам уақыт өтседе, тарихи отанымыздағы туыстарымыз бізбен қабарласып тұрады. Бізді шақырып тұрады, келіңдеп, дейді. Алайда менің атам, әкем осында жерленген, менде ата болдым, менде осында қаламын, Қазақстан біздің отанымыз.

Ұлты ноғай Әнұар Құрманақаевтың Қазақстанда қалған туыстары жоқ, бірақ Әнұар Құрманақаев қазақ пен ноғай халқының туыстығын біліп, Қазақстаннан пана тапқанын айтады.

Ноғай ұлтының өкілі Әнұар Құрманақаев:

- Біз 36 жыл бойы Ресейде тұрдық, 1996 жылы екі балам, жолдасым, барлығымыз заттарымызды жинап, Алматыға келдік, Алматы облысында орналасқан Шемолған аулынан үй сатып алдық, бес жылдан кейін Қазақстан азаматтығына ие болдық. Енді, өзіміздің тамыр жая бастағанымызды сезіндік. Ресейде олай болған жоқ еді.

Қазақстандағы Қарашай-Малқар қауымдастығының мүшесі Әзірет Әлі Борлақов Қазақстаннан кетпейтінін, өзінше түсіндіреді.

Қазақстандағы Қарашай-Малқар қауымдастығының мүшесі Әзірет Әлі Борлақов:

- Менің сүйегім қарашай болғанымен, етім қазақ. Неге десеңіз, менің достарымның барлығы қазақ жігітер, олар маған сенің ұлтың басқа, деп айтпайды, кеудемнен итермейді.Сол себептен менің сүйегім қарашай болғанымен, етім қазақ.

Қалай болғанымен Қазақстаннан кетеміз дейтіндер де жоқ емес, бірақ олардың басым көпшілі жастар.
XS
SM
MD
LG