Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі Сайлау туралы заң жобасына пікірін білдіреді


Жұма күні Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі өкілдері Қазақстандағы Сайлау туралы заң жобасына орай өз пікір-ұсыныстарын білдіріп, баспасөз мәслихатын өткізді.

Сайлау туралы заң жобасына орай әлі ешқандай саяси ұйымдар мен қозғалыстар өздерінің пікірлерін білдірген жоқ, ұсыныстарын айтқан жоқ, дейді басқосуда ТБРЖ президенті Дос Көшім.

- Бұл заң жобасының жақсы, жаман жақтары бар. ЕЫХҰ-ның ұсыныстары енген жері бар және оның қалай кіргізілгені, қандай мағынада заң жобасына қосылды, ол да ойлануға тұрарлық,-деді Дос Көшім. –Біздің бірқатар ұсыныстарымыз заң жобасында көрініс берді, бірақ кемшін тұстары да жетерлік. Көптеген баптар басқа тұрпатта енген.

Баспасөз мәслихатында Сайлау туралы заң жобасына біздің көңіліміз толмайтын жерлері, әділ сайлау өткізуге бөгет болатын тұстары бар, дегенді айтты Дос Көшім. Оның айтуынша, негізгі бағыттың біреуі, жалпы, қоғамдық ұйымдардың бақылаушыларына қоятын тосқауылдың көбейгендігі. Соның ішінде шетелдік, халықаралық қорлардан тәуелсіз бақылаушылар, журналистер және социологтардың сайлауға қатысуына рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, бір сайлаушының үш адам орнына дауыс беруі де қисынға келмейді, деген пікірін білдірді Дос Көшім.
XS
SM
MD
LG