Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі көпұлтты күштердің Либерияға жіберілуіне дауыс берген.


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Либериядағы үкіметтік әскерлер мен көтерілісшілердің жасақатары арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтатуға көмектесетін көпұлтты күштерді орналастыруға рұхсат беру жөніндегі шешімге дауыс берген. Кеңесте АҚШ қолдаған бұл шешімге дауыс беру барысында Франция, Германия және Мексика қалыс қалған. Қабылданған шешім -көпұлтты күштердің Либерияда екі айға дейін , қазанның бірінде мұнда БҰҰ-ның бейбіт күштері келгенше тұруына мұрсат береді.
XS
SM
MD
LG