Accessibility links

“Хамас” және “Ислам джихады” экстремистік топтарына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды


Хамас” және “Ислам джихады” экстремистік топтарының қарусыздануы палестиндіктердің азаматтық соғысына әкеліп соғуы мүмкін, деп мәлімдеді Палестина қауіпсіздік қызметінің басшысы Мұхаммад Дахлан. Оның бұл мәлімдемесі Израиль премьер-министрі Ариэль Шаронның Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу жөніндегі “жол картасы”жоспарын толығымен жүзеге асыру керек деген мәлімдемесіне жауап болды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл Израиль бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында “Иорданның батыс жағалауындағы Израильдің қорғану қабырғалары Таяу Шығыста бейбіт өмір орнату бағытына кері әсерін тигізуі мүмкін” деді. Ал Израиль басшылығы болса бұл қабырға террористердің басып кіруінен қорғану үшін қажет деп отыр.
XS
SM
MD
LG