АҚШ президенті Джордж Буш “Солтүстік Кореяның бұл шешімі үміт артарлық оқиға”- деді. Сондай-ақ, Буш Қытайдың бұл шешімді қабылдаудағы роліне жақсы баға берді. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Федотов “көпжақты келіссөздер ендігі жақын уақытта басталуы мүмкін”- деп хабарлады. Көпжақты келіссөздерге Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай өкілдері қатысады. Бұған дейін Солтүстік Корея АҚШ-пен ғана тікелей келіссөз өткізуді талап етіп келген. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Болтон “бұлайша алға жылжуға Вашингтонның қатал бағыты себеп болды”- деп мәлімдеді.
Ядролық бағдарламаға байланысты мәселелерді АҚШ-тың Бірріккен Ұлттар Ұйымының талқылауына салмақшы болған кез келген қадамы көпжақты келіссөздердің болмай қалуына әкеліп соғады деп мәлімдеді Солтүстік Корея . Солтүстік Корея мемлекеттік ақпараттық агенттіктерінің таратқан хабарламасында АҚШ жоғарыда аталғандай қадамдарға барса, ол “қылмыс” ретінде қаралады және соғыстың басталуына жол беруі мүмкін делінді.
Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты көпжақты келіссөздерге келісім бергеніне АҚШ пен Ресей риза болды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Армения-Әзербайжан шиеленісі
Жарылыс, босқындар және ереуіл. Таулы Қарабақтағы жағдайдың мән-жайы
AzattyqTV