Accessibility links

Британия үкіметі мамыр айында Касабланкада болған жанкештілік бомба жарылыстарына байланысты екі Британия азаматы Мароккода ұсталып отыр деп айтқан.


Ол шабуылдарда 44 адам қаза болып, 100-дей адам жарақаттанған болатын. Мароккода тұтқында отырған бұл екеуі 37 жасар Перри Дженсен мен 43 жасар Абделлатиф Мерроун дегендер. Британияның сыртқы істер мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, Дженсен азғындық қылмыстық топ қатарында болған деп айыпталады. Ол тиым салынған Марокко Салафия жихад тобының мүшесі деп күдіктелген. Мерроун Танжерде тұрған, оның әйелі британдық , бірақ Сыртқы істер министрлігі бұл оған қарсы дәлел-дерек бола алмайды деген.
XS
SM
MD
LG