Accessibility links

Моздокта құтқарушылар қопарынды астынан әлі де тірі қалған адамдарды іздестіруде.


Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Иванов әскери ауруханада 40 –тан астам адамның өмірін алып, тағы да 80 адамды жаралаған жарылыстың орын алуына, қауіпсіздік шараларының нашарлығы себеп болды деп атап көрсеткен. Солтүстік Осетиядағы Моздокта жұма күні болған жарылысты жасағандар шешен сепаратистері болуы мүмкін деп күдіктеліп отыр. Бұл қала шешен сепаратистерімен күрес жүргізіп жатқан Ресей әскери күштерінің бас штабы ретінде саналады. Бомба жарылысының себеп-салдарын зерттеп, тексеруге Моздоккқа келген Иванов қала гарнизонының қолбасшысын қызметінен уақытша шеттеткен, ал әскери госпиталдың бас дәрігері қамауға алынған. Иванов мұндағы басшылар қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете алмады деген. - Мен сіздерге бір ғана мысал келтіре аламын. Бұл жарылысқа себеп болған талап етілетін барлық бұйрыққа қарамастан, ғимараттың маңайында келе жатқан автокөлікті тоқтататындай бірде-бір бөгет, тосқауыл қойылмағандығы, - деген Иванов. Ресей преизденті Вл.Путин қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айта келіп, мұндай қастандық шабуылдары Мәскеудің Шешен жанжалын реттеу жөніндегі саяси күш-жігерін тоқтата алмайды деп айтқан. Бұл шабуылды әлем елдері айыптаған. Ақ үйдің мәлімдемесінде бұл әрекеттің террорлық акт екендігі айтылған. Террорды ешқандай себеппен де ақтап алуға болмайды деп атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG