Бұрын хабарлағанымыздай, Моздокта жұма күні болған жанкештілік жарылыста кемінде 50 адам қаза тауып, 80-нен астам кісі жарақат алған болатын. Ондаған мемлекеттерге қоса көңіл айту хаттарын президент Путинге , Германия және Европа кеңесі жолдады. Солтүстік Оссетиядағы бұл бомбы жарылысын тағы да Шешен бүлікшілдері жасады, деп Ресейлік ресми әкімшілік жариялаған. Мамыр айынан бері шешен жікшілдері шабуылынан, Ресейде кемінде 150 адам қаза тапқан делінеді. Ал бұл арада жексенбі күні, Шешенстанның Мәскеу тағайындаған басшысы Ахмад Қадыров қазан айының 5-де өтетін президенттік сайлауда үміткер ретінде қатысамын, деп ресми түрде мәлімдеген. Ол, Шешенстанды соғыстан, қайғы-азаптан құтқарамын, депті.
Солтүстік Кавказдағы Моздок қаласында болған қасақана жарылысты халықаралақ қауымдастық қаралауда.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты