Ішкі Істер министірлігінің хабарлауынша, бүгін сақшы күзетіне шешен жауынгерлері тосынан шабуыл жасап, гранатометтен атқылаған. Өткен түні Шешенстаның Гудермес ауданының Комсомольское ауылында қауіпсіздік сақтау қызметінің сардары өлтірілді. Оның үйіне қарулы адамдар келіп кіріп атып кеткен. Итум Қала ауданының Қонжуқой ауылында ресейлік әскери Ми-24 тік ұшағы құлады. Ешкім запа шекпеді. Апаттың шығу себептері тексерілуде
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қарыз кіріптарлығы
Қытайдың несие беру шартының құпиясы
-
"Саяси сигнал" ма?
Қытай Қазақстанның жүк вагондарын өткізбей, кәсіпкерлер шығынға батты
AzattyqTV