28-29 тамыз күндері Алматыда теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттер министрлерінің халықаралық конференциясы өтеді. Оған транзитті және донор елдердің, сондай-ақ, транзитті тасымал саласында маманданып келе жатқан экономикалық ұйымдар мен халықаралық және қаржылық мекемелердің өкілдері қатысады.
Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған. Осындай басқосу ұйымдастыру туралы шешім, құрамына Қазақстан бастаған 31 ел қамтылатын теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттердің бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған арнайы қарарға сәйкес қабылданған.
Алматыда өтетін халықаралық конференция теңізге шыға алмайтын дамушы мемлекеттерге қолұшын беру саласында ғаламдық әріптестікті жандандыруға, транзиттік-тасымал инфрақұрылымын дамыту арқылы теңізге шыға алмайтын мемлекеттердің әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне қатысу мүмкіндігі мен ролін арттыруға жол ашады деген үміт бар.
Конференцияда континенттік мемлекеттердің барлық көлік түрлерімен теңізге ешбір кедергісіз шығуын қамтамасыз етуге , инфрақұрылымды дамытуға, тасымал жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға, транзитті тасымал саласындағы саясатты жетілдіруге қажетті шаралар келісілмекші. Конференцияға дүниежүзінің 80-нен астам елінен халықаралық және аймақтық қаржылық мекемелердің өкілдері қатысады деп күтілуде.