Accessibility links

Португалия ормандарында елдің тарихында бұрын соңды болмаған алапат өрт жүріп жатыр.


Кемінде 8 кісі опат болды. Тілсіз жау 10 мың гектар орман тоғайды жалмады. Өрттің таралуына ыстық әрі құрғақ желді күндер себепкер болып отыр. Португалдық өрт сөндірушілерге Марокко мен Италиядан арнайы ұшақтар келіп жәрдемдесіп жатыр. Көршілес Испания мен сондай-ақ Хорватияның ормандары жанып жатыр. Ал Канаданың Британ Колумбиясы өлкесінде жүздеген мың гектар орман өрт құшағында. Өртен жан сауғалап 9 мыңдай адам өз үй-жәйларын тастап кеткен. Өлкелік билік орындары төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ Ресейдің Қиыр Шығысындағы жасыл желек өрт құшағында. Қиыр Шығыстағы орманды әуеден бақылау орталығының мәліметіне сай, 200 ден аса өрт орыны тіркелген. Ең ауыр жағдай Саха-Якут елі, Хабар өлкесі, Магадан және Камчатка аймақтарында қалыптасқан. Жаз басталғалы бері 460 мың гектар орман өртеніп кеткен. Ресейде 2 мыңнан аса адам және 20 ұшақ пен тікұшақ ормандағы өртермен күресіп жүр.
XS
SM
MD
LG