Accessibility links

Бүгін Әзірбайжаның үкіметбасы болып президент Гейдар Әлиевтың ұлы Ильхам Әлиев тағайындалды.


Ильхам Әлиевке бүгін таңғы отырыс кезінде Әзірбайжан парламентінің депутаттары дауыстарын берді. Ильхам Әлиевты үкіметбасы ретінде тағайындау туралы ұсыныс оның әкесі президент Гейдар Әлиевтен келіп түсті. Ильхам Әлиев 42-де. 2000 жылдан бастап ол билік басындағы " Йени Әзірбайжан" партиясында мансабы бойынша екінші адам болып келеді. Әкелі балалы Әлиевтар қазан айында өтетін президент сайлауларына үміткер болып тіркелді. Бүгін Бакуде парламент өзін бас министр ретінде бекіткенінен соң ақпарат құралдарының өкілдеріне Ильхам Әлиев былай деді:

“Біздің парламентте көптеген тәуелсіз өкілдер мен оппозициялық партиялардың өкілдері жетерлік, сондықтан мен бір ауыздан қолдау болады деп күткенім жоқ, бірақ мен үшін дауыс бергендердің барлықтарына өз ризашылығымды білдірем. Әзери экономикасы көтеріліп келеді, және мен бұл бағытты сақтау үшін қолымнан келгенің бәрін істеймін. Мен үкіметте ешқандай түпкілікті ауыс-күйістерге бармаймын. Ал елбасының денсаулығына келер болсақ ол жақсы. Ол елге бірнеше күн бұрын оралмақ болды, бірақ дәрігерлер қосымша ем-дом жасамақ болды. Бірақ, менің ойымша ол Әзірбайжанға жуық арада оралады.”
XS
SM
MD
LG