Accessibility links

Бүгін Либерия астанасы Монровиге халықаралық бейбітшілік сақтау күштерінің алғашқы қолы 300 нигериялық қосын келіп кірмек.


Жалпы елде Батыс Африка елдерінің 3 жарым мыңдық қолы орналасады. Монровидегі бейбітшілік сақтау операциясының басталғанына қарамастан елдің екінші үлкен кенті Бьюкененде көтерілісшілер мен үкімет әскерлері арасында жан кешті соғыстар жүріп жатыр. Халықаралық адамгершілік ұйымдарының өкілдері ондағы ауыр гуманитарлық жағдай туралы хабарлауда. Либериядағы БҰҰ-ның арнаулы өкілі Жак Клейн егер президент Чарльз Тейлор таяу күндерде өзі уәде бергендей ерікті турде орнын тастап кетпесе ол Халықаралық Трибуналға әскери қылмыскер ретінде тапсырылатындығы туралы ескертті. Тейлор 11-інші тамызда орнынан кететіндігін жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG