Accessibility links

Ирақта АҚШ әскерлеріне қарсы тағы да шабуыл жасалды.


АҚШ армиясы өкілі сержант Марк Ингамның хабарлауынша, дүйсенбі күні, Бағдат ұшақжайы маңайында белгісіз біреулер американдық әскерилер керуеніне қолдан жасалған жарылғыш зат лақтырған. Екі сарбаз жараланған. Арабтардың Ал Жазира теле арнасынан көрсетілгеніндей, солтүстік Бағдадта, Самарра деген жерде де АҚШ әскерлеріне шабуыл жасалған. Бірнеше адам жарақат алған. Бірақ оны растайтын өзге деректер жоқ. Бұл арада АҚШ күштері Ирақтың жаңа армиясына сарбаздар қабылдауда. Киркуктегі лагерьге дүйсенбі күні 400 ерікті жеткізілген. Олар америкалық мамандар қол астында әскери жаттығулардан өтеді. АҚШ қолбасшылығы үстіміздегі жыл соңына дейін әскери қызмет үшін маманданған 12000 Ирақ сарбазын даярламақ.
XS
SM
MD
LG