АҚШ Мемілекеттік хатшысы Колин Пауэлл АҚШ президенті Джордж Буштың бірінші елбасылық мерзімінен соң өзінің орнынан кететіндігі туралы алып-қашпа сөздерді "бос сөз,"-деді. Бір американдық радиобекетке берген сұхбатында ол, мен бұл орында бұл Бушқа қанша керек болса сонша атқарамын,-деді. Пауэллдың орнынан кету мүмкіндігі туралы кеше "Вашингтон поста" жарық көрген мақалада айтылды.