Тұтқындалғандар қатарында бұрынғы диктатордың жақтастарының қолбасы және бірнеше бұрынғы үкімет ұлықтары бар. Саддамның туған қаласы Тикритте көпшілік іздестіру жұмыстары жүрді. АҚШ әскери басшылығының өкілі Джосслин Эберл, Саддам Хусейінді тұтқындау тек уақыттың ғана мәселесі деп өз үмітін білдірді. Кеше Бағдат маңындағы әуежай маңында американ әскери керуеніне бірнеше гранатта лақтырылды. Екі қосын жараланды.
Ирақта Саддам Хусейінді іздестіру операциясы барысында АҚШ қосындары 80 адамды қамауға алды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өкіл әкенің" тұтқындалуы
Қырғызстан мен Өзбекстан ұйымдасқан қылмыспен қалай күресіп жатыр?
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
"Махмет ешкімге бейімделмейді". Қозыбаев Құлмағамбетті неге қаралады?