Accessibility links

Журналист Сергей Дувановқа жабылған айып


Журналист Сергей Дувановтың кінәлі емес екендігін оның құқыққорғаушылары Жоғарғы сотта дәлелдеуді көздеп отыр

Бесінші тамыз күні тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың құқыққорғаушылары Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына арнайы арыз жазғанын мәлімдеді. сотталған қазақстандық журналист Сергей Дувановтың құқыққорғаушылары Жоғарғы соттың қадағалау ұжымына өз қорғалушыларына шығарылған үкімге шағым жолдаған. Сергей Дувановтың адвокаттары Виталий Воронов пен Евгений Жовтис бұл үкімді өзгертуге деген талпыныстағы соңғы құқықтық амал. Одан кейін тек саяси амалдар ғана болмаса, құқықтық амалдар қалмайды, дегенді айтты.

Евгений Жовтистің айтуынша, шағымды олар бүгін жіберді, бір екі күнде бұл құжат Астанаға, соңынан Жоғарғы сотқа жетеді. Сонымен қатар Евгений Жовтис «Азаттық» радиосына берген сұхбатында жоғарғы соттың әділ шешім шығаратынына үміттенетінің айтты.

- Сергей Дувановтың ісін Алматы облысы Қарасай аудандық соты, соңынан Алматы облыстық сот қарады, енді Жоғарғы сот қарайды. Жоғарғы сот, әділ сот процессін өткізетініне уміттенемін, - деді Евгений Жовтис.

Евгений Жовтис Дувановқа қатысты жүргізілетін сот теріс жауап алатын болса, олар халықаралық құқыққорғау ұйымдарына, ОБСЕ-ға, Еуроодақ пен Еуропалық парламенттің құрылымдарына жүгінбек.

Е.Жовтис, Сергей Дуванов рақымшылық жасау жайлы өтініш білдірсе жағдайдың өзгеруі мүмкін екені туралы әңгіме жүріп жатқанын, брақ Дуванов өтініш жазудан бұрынғыша бас тартып отыр.

- Дуванов болса, кінәсіз адам рақымшылық жасау туралы өтініш жазбайтынын айтты, - дейді Е.Жовтис.

Бұрын хабарланғандай, 50 жастағы С.Дуванов 14 жастағы қызды зорлады деген айыппен үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қарасай аудандық сотымен үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Е.Жовтистің мәлімдеуінше, Жоғарғы сотқа жолданған 55 беттік қадағалау шағымында журналистің кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтар келтірілген және алдын-ала және соттық тергеу кезінде заңдардың, оның ішінде қылмыстық-іс жүргізу кодексі мен Конституцияның көп баптарының өрескел бұзылғаны айтылған.

Қорғаушы Дувановтың кінәсіз екеніне шек келтірмейді. Бұл журналистке қарсы ұйымдастырылған былық, дейді.

Адам құқықтары және заңдылықтарды сақтау жөніндегі халқаралық бюроның қазақстандық кеңсесінің директоры Евгений Жовтистың айтуынша, Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық жөніндегі ұйымның сарапшы-заңгерлері С.Дувановтың ісінің барлық материалдарымен танысып, алдын-ала және соттық тексеру кезінде бірқатар ұсақ және бірнеше ірі заңбұзушылықтар орын алған, деген қорытындыға келген.
XS
SM
MD
LG