Accessibility links

Укариндық ақпарат бұлақтарының айтуынша журналист Гонгадзені өлтірді деген күдікпен ұсталған адам белгісіз себептермен қамауда отырған жерінде қайтыс болған.


Ақпарат көздері күдікті бұрынғы полиция қызметкері болған Ихор Хончаров тамыздың бірінде түрмеден ауруханаға әкетіліп бара жатқан кезде санитарлық машина ішінде өлген деп хабарлайды.

Украинаның БАҚ-ы институты Хончаров осы айдың аяғына таман Гонгадзенің өлімі жайында прокурор алдында жауап беруі тиіс болатын дейді. Бұл ұйым Хончаровтан болу керек деген хат алған, хат ол өлген жағдайда ашылуы тиіс деп жазылған. Институт аталған хатты Украина прокурорының атына жіберген.

Гонгадзе Украина үкіметіндегі сыбайласқан жемқорлықты, президент Кучманы сынап, әшкерелеп жүрген журналист 1999 жылы жоғалып кеткен болатын. Кейінірек оның бассыз денесі орманнан табылған.
XS
SM
MD
LG