Accessibility links

Ядролық бағдарламасын анықтау туралы Иранға халықаралық қысым болып жатыр.


Ядролық қару жасауға ұмтылып отыр деген күдікпен халықаралық қауымдастық Ираннан өз бағдарламасын жария жүргізуді талап етуде.

Бірақ, Иран Біріккен Ұлттар Ұйымының Атом агенттігінің бұл талабына мардымды жауап берер емес.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Иранды өз ядролық кешендерін халықаралық сарапшылардың тексеруіне жол ашуды талап етіп отыр, алайда Иран бұл талаптарға мардымды жауап берер емес.

Осы апта басында атом қуаты жөніндегі халықаралық ұйым МАГАТЭ Иранмен тағы да келіссөз столына отырды.МАГАТЭ өкілі Лотхар Ведекиндтың айтуынша келіссөзге ядролық бағдарлама саласындағы Иранның лауазым иелері қатысуда.Келіссөзде қосымша хаттама бойынша МАГАТЭ- нің Ираннан қандай тексеруді қажет ететіні сөз болуда:

"Мамандар тексерудің қандай түрі керек екендігін, қандай ақпарат жинау керек екендігін талқылауда."

"Қосымша хаттама бұл елде жария етілмеген ядролық әрекеттердің қандай түріне болмасын жол бермеуді негіздейді."


Ведекиндтің айтуынша МАГАТЭ мамандарының Техранға бұ сапары өткен айдағы МАГАТЭ басшысы Мохаммед Елбарадейдің осы елге сапарының нәтижесі болып отыр.

Техран Елбарадейден тексерудің қандай түрі болатынын анықтау үшін мамандар тобын жіберуді өтінген еді. Енді бұл топ Техранға келгенде ресми Иран жағы тағы да қосымша хаттама қабылдау жөніндегі мамандар талабынан жалтарып отыр. Иранның үкімет өкілі Абдолла Рамазанзаденің айтуынша кез-келген ондай маңызды құжат қабылдауға тек жоғары діни басшы Аятолла Али Хаменеидің жеке рұқсаты қажет.Одан кейін мәселе Жоғары Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланып оның да мақұлдауын алуы керек.Иранның үкімет өкілі бұл шаралардың бәрі қанша уақыт алатынын ашып айтқан жоқ.

Ал, бұ кезде Иран қоғамында халыкаралық атом агенттігімен Иранның жұмыс істеуі жалпы қажет па, жоқ па деген мәселе қызу талқыланып жатты.

Президент Мохаммед Хатамиді қолдайтын реформашылар болса, Иран қосымша хаттаманы қабылдауы керек деп біледі.Реформашылар, егер , Иран бұл қосымша хаттамаға қол қойып өз ядролық бағдарламасын МАГАТЭ -ге тексертпесе онда мәселе Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне барып тіреледі. Одан Иранға жақсы болмайды деп біледі.

Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Али Акбар Салехи болса қосымша хаттаманы қабылдау бұл қиын түйінді шешудің оңай жолы деп мәлімдеді.

Ол Иран өзінің даулы ядролық бағдарламасының арқасында тура Солтүстік Корея тәрізді халықаралық деңгейде оқшауланып қалуы мүмкін дейді.

Ал, Иран консерваторлары болса Иран Солтүстік Кореяның кебін кисе кие берсін, бірақ қосымша хаттамаға қол қоймауы керек деп біледі.Егер, батыс Иранға салмақ сала беретін болса онда Иран Қару таратпау жөніндегі халыкаралық шарттан шығуі керек деп біледі.

Иран қосымша хаттамаға қол қоялық дейді, бірақ оның есесіне өзге елдердің ядролық технологиясын алуға бізге кедергі болмасын деген талап қойып отыр.

Ал, МАГАТЭ болса Иран ешқандай талап қоймастан қосымша хаттамаға қол қоюы керек дейді.

МАГАТЭ өкілі Ведекинд:

"Уақыт жөнінде шектеу жоқ.Бәріміз де олардан қосымша хаттаманы қарауды талап етіп отырмыз.Олар қарап жатырмыз дейді"

Иранның сыртқы сауда саласындағы басты әріптесі Евроодақ, егер, Иран МАГАТЭ талабын орындамайтын болса, онда бұл елмен келесі айда қарым-қатынасын қайта қарайтынын ескертті.
XS
SM
MD
LG