Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласының соты осы жылдың ақпан айында метрода өрт жасаған адамды өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ақпан айында 56 жасар ақыл-есі кем Ким Дэ-Хан өз өзіне қол салмақ болып, метроның вагонында бензинге малынған картон қорапты жағып жіберген еді. От тез арада барлық поездға және көрші платформаға таралып кетіп, 198 адамның өмірін үзген-ді. Тегу қаласының прокуроры Ким Дэ-Ханға өлім жазасын талап етсе де, оған өмір бақи бостандықтан айыру тұралы үкім шығарылды.
Ақпан айында Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы метросында өрт шығарған адам өмір бойы абақтыда отыратын болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV