Accessibility links

БҰҰ-ы Либерияға шұғыл көмек ретінде халықаралық қауымдастықтың 69 миллион доллар бөлуін сұрамақ.


Бүгін Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның 50 мүше елі мен халықаралық ұйымдардың бас қосуы кезінде Либерияға көмек көрсету туралы ұсыныс жарияланатын болады. Нигериялық бейбітшілік сақтау жасақтары Либерия астанасы Монровиге келуін жалғастырып жүр. Олар адамгершілік жәрдемдерінің қауіпсіздігін сақтау үшін басты тас жолдарға бақылау орнатып жатыр. Либерия президенті Чарльз Тейлор тамыздың 11-і күні орнынан кетіп Нигериядан пана таппақ. Бірақ ол елді тастап шықпас алдын өзінен әскери қылмыстарда айыптаулар алынуын талап етуде.
XS
SM
MD
LG