Accessibility links

Түркия үкіметінің Евроодаққа кіру мақсатында әскери салаға өзгеріс жасаған заңы ел генералдарының ашуына тиді


Түркия парламентінде елдегі әскери саланың құрылымдарын қысқартып, олардың саясатқа араласу ықпалын төмендететін заң қабылданғаны түрік әскерилерінің наразылығын туғызды.

Түркия үкіметі өз әскерилерінің саясатқа араласу ықпалын төмендететін реформа қабылдаған кезде, оны Европа Одағы оң қабылдаған. Алайда, бұл жағдай әскерилердің дәстүрлі жылдық жиынында үкіметке біржақты сынмен жауап айтқан түрік әскерилерінің ашуын келтірді. Парламентте Ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі әскери саланың құрамын азайтып, саясатқа араласуын төмендететін құжатқа дауыс берілген соң, апта соңына дейін әскери конгрестегі жоғары дәрежелі генералдар премьер министр Режеп Тайып Ердоған мен қорғаныс министрін кінәлады. Күнделікті жарық көретін Жумхуриет басылымы дүйсенбі күні жазғанындай, түріктің жоғарғы армиясының басшысы, генерал Четин Доған үкімет басы Ердоғанды Түркияның қарулы күштерін талан-таражға салып, бұрыннан келе жатқан тәртіпті бұзбақшы деп айыптады. Және өз атын жасырған әскери өкіл де бұл мәліметті растаған. Тағы бір Миллет газеті де сол кездесуде болған текетіресті нақтылап отыр. Түркия келесі жылдың соңында Евроодаққа мүшелікке кіру үшін келіссөздерді бастамақшы, бірақ Европа Одағы өзіне мүшелікке енуден бұрын, Түркиядан әскери саласының ықпалын төмендетіп, басқа да реформаларды жүзеге асыруын талап еткен. Түрік әскерилері исламдық тұрғыдағы Ердоған үкіметінің бұрыннан қалыптасқан әскери тәртіпті жойып оның орнына исламдық жүйені ауыстыратын құпия бағдарламасы бар деген күдік тудырып отыр. Жумхуриет басылымы генерал Четин Доғанның үкімет басшысы Ердоғанға: “Сіз мұнда Түрік халқының Евроодаққа деген құштарлығын пайдаланып отырсыз. Алайда осының бәріне бір күні жауап бересіз”- деп айтқан сөздерін берген. Және онда: “Бұл қысымдар сәтті болады деп ойламаңыз!” деген генералдың қатаң ескертулері де айтылған. Әскерилер осыған дейін үш төңкеріс жасаған және 1997 жылы исламшыл үкіметке қысым жасап биліктен қуған. Генерал Доған бұл қысым түріктің дәстүрлі әскери құрылымын өзгерте алмайды. Керек десеңіз, армия мен халық бірігіп қажетті нәтижеге қол жеткізе алады деген. Сондай-ақ, Жумхуриет басылымында осы кездесуде барлық генералдар Доғанды бірауыздан қолдады делінген. Ал, хабарларға қарағанда Режеп Тайып Ердоған өз үкіметін қорғап, бұл шешімнің әскерилерге ешқандайда зиян тигізу пиғылы жоқ болатын деген уәж айтқан.

Хабарларда сонымен қатар, әскери конгрестің жылдық отырысындағы әскерилердің әсерін әлсірету жөніндегі дау-жанжал аптаның соңына дейін жалғасып, осыған дейін Түркияның барлық саяси мәселелеріне араласып келген Ұлттық қауіпсіздік кеңесін қайтадан тек кеңес беру мекемесі ретінде ғана қалдырып, оның бас хатшысын генералдар арасынан ғана емес азаматтық тұлғалар арасынан да тағайындап, олардың әскери шығындарын заң шығарушылар үнемі бақылауда ұстайтын құжат парламентте мақұлданғанда түрік әскерилері қатты ашуға булықты. Бұған дейін Түрік әскерилерінің ұлттық саясатқа араласып, үкіметке ықпалы күшті болған. Сондықтан Европа Одағы Түркия әскерилерінің белсенділігін төмендетуді талап етіп келген болатын. Енді осы құжат ел парламентінде мақұлданғанда оны Евроодақ дұрыс шешім деп қабылдаған. Ердоған үкіметінің әскери саланы қысқартып, олардың әсерін әлсірету жөніндегі реформасы бүгінде ауыр қарым-қатынас қалыптастырып, оның үкіметіне үлкен сенімсіздік туғызбақшы. Анкарадағы Билкент университетінің саясаттанушысы Үміт Чизре бұл қағаз жүзіндегі реформа әскерилер мен азаматтық тұрғындар арасындағы тепе-теңдікті өзгертті, бірақ бұл бұдан былай әскерилердің әсері күшті емес дегенді білдірмейді деді. Түркияның ақпарат құралдары хабарлағандай, әскерилер премьер министр Ердоғанды Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жұмысын қарастыратын реформаға табан тіремей, оны шешуді ел президенті Ахмед Неждет Сезерге беруі керек деген. Президент Сезер әзірге мұндай шешімді қолдайтындығы туралы айтқан жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG