Сәрсенбі күні «Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы» бірлестігі Алматы қаласында мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелу барысында орын алған әділетсіздіктерге орай Қазақстан баспасөз клубында журналистердің басын қосып, мән-жайды алға тартты. Онда тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Талғат Акуов өз ұжымдарынан депутаттықтан үміткерлерді қалалық сайлау комиссиясы сан түрлі себеп-сылтауларды алға тартып, тіркемей қойғандары туралы айтып өтті.
Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы 20 шілдеге Алматы қаласынан мәслихат депутаттығына 31 кандидат ұсынған. Кәсіпкерлер жиналысынан кейін оның шешіміне сәйкес, үш тәулік ішінде сайлау округтеріне жалпы жиналыстың қарары, басқа да құжаттар табыс етілген.
- Алайда біз ұсынған барлық құжаттар 17 күн аралығында қайтарылып берілді. Онда айтылған уәждер бойынша, құжаттар үлгіге сәйкес емес деп танылып, кері қайтарылды, - дейді тәуелсіз кәсіпкерлер қоғамдастық төрағасы Талғат Акуов.
Алайда кәсіпкерлер бұған келіспейді. Олардың айтуы бойынша, құжаттарға сәйкес қандай да бір үлгі жасалмаған. Округтік сайлау комиссияларында қалалық сайлау комиссиясының талаптары бойынша, құжаттарды тіркеуден сыпайы түрде бас тартқан.
Бір де бір округтік сайлау комиссиясында жалпы жиналыстың хаттамасы тіркелмегені бізге түсініксіз, дейді баспасөз мәслихатын өткізуші кәсіпкерлер. Алматы қалалық сайлау комиссиясы бұл қоғамдық ұйымнан 5 адамды кандидат ретінде тіркеген, тиісінше соларға құжат берген. Алайда арыз берілгеннен соң 30 тәулік өткен соң, күтпеген жерден 4 тамызда басқа кандидаттарды тіркеуден бас тартқаны түсініксіз. ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес, округтік сайлау комиссиясы үш тәулік ішінде кандидаттың тіркелу тіркелмеу мәселесін шешуі тиіс.
Округтік сайлау комиссиясы өздерінің біздің үміткерлерді тіркеуден бас тартуын кәсіпкерлердің сайлау туралы заң баптарын бұзғандығынан деп санайды. Алайда біз мұнымен келісе алмаймыз. Олардың кейбіреулерді тіркеп, кейбір адаматтарды тіркемей тастағанын немен түсіндіруге болады, деген пікірлер айтылды.
Осыған орай тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы ҚР президентіне, Бас прокуратураға, Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады.