Accessibility links

Европа аймағын аптап ыстық жайлап тұр.


Қаптаған орман өрттерінен басқа, әдеттен тыс ыстық температура салдарынан 34 адам қайтыс болған. Ауаның температурасы Цельсия бағанымен 40 градусқа жеткен Португалияда аптапта өртпен арпалысқан 14 адам қаза болса, кеше Испания тым жоғары температураны көтере алмай 13-ші адамның өлгендігін тіркеген. Португалияның билік басылары өртті қолдан жасап, от тұтандырушылар деп күдіктелген бірнеше адамды ұстағандарын айтқан. Полиция болса Португалиядағы өрттің 30 процентін қылмысты топтар ұйымдастырып отыр деп есептейді. Әдетте ауа райы салқын делінетін Европаның солтүсігіндегі елдерде де бұл жаз температура жоғары болып тұр. Германияда ыстық күнді көтере алмаған бес адам қайтыс болса, мұндағы орманды жерлерде өрт көлемі өткен жылғыдан үш есе артып кеткен. Англияда күннің қыздыруынан қашып, суға түсіп салқындамақшы болғен екі бала батып кеткен. Поездардың да жылдамдығына шек қойылған. Италияның да көп қызыл жалын жалмап, өрт сөндірушілерге жұмыс көбейген.

Сағат Батырхан
XS
SM
MD
LG