Ол бұл қабырға Палестин премьері Махмуд Аббаспен сенімділік орнату жолында жасалып жатқан күш-жігерге кедергі болуда деп атап көрсеткен. Техас штатында осы сөздерді айтқан президент бұл алаңдаушылықты Израил жағына жеткіздім деген. Ол сондай ақ екі жақтан да бұл тұрғыда алға жылжушылық жасалды ғой деп үміттенгендігін де білдірген.
Израил кеше палестиндік тұтқындардың бір бөлігін босата бастаған. Барлығы 345 адам еркіндікке жіберілген. Тағы да 100 адам бүгін босатылуға тиіс. Бұл шаралар АҚШ-тың қолдауындағы 2005 жылға қарай Палестиннің өз алдына мемлекеттігін қарастыратын "жол картасы" деп аталатын бейбіт реттеу жоспарына орай жасалуда. Алайда Палестин жетекшісі Ясер Арафаттың жоғары дәрежелі өкілі Набил Абу Рдеине кеше Израилдың жасап жатқан бұл қадамдарын жоққа шығара сөйлеген:
- Израилдың босатқысы келіп отырған аз ғана тұтқындар бөлігі бұл жеткіліксіз. Бұл түсіністік болып табылмайды. Бұл келісім емес,- деп атап көрсеткен ол.
Палестин жағы мыңдаған тұтқындардың босатылуын талап етуде. Осы тұрғыдағы келіспеушіліктен де кеше өтуге тиіс Израил мен Палестин премьер-министрлерінің кездесулері болмай қалған.
АҚШ президенті Дж. Буш кеше батыс жағалауда Израил тұрғызып жатқан қауіпсіздік қорғаны турасында алаңдаушылық білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"