Accessibility links

Қазақ-өзбек шекарасындағы жағдай


Қазақ-өзбек шекарасы айқындалған тұста Түркістан ауылы Өзбекстан жағында қалдырылғаны белгілі.

Онда тұрып жатқан қазақтардың басым көпшілігі елге көшірілген болатын. Қаржы тапшылығына байланысты Түркістан ауылында қалған 122 қазақ отбасының жағдайы жөнінде 6 тамыз күні Шымкентке әзер өткен қандастарымыз өздерінің өгей баланың күйін кешіп отырғандығын мәлімдеді.

Олардың айтуына қарағанда, Өзбек жағы Түркістандағы қазақтардың Қазақстан төл құжатымен жүргендігі үшін 50 мың сом айыппұл салған. Қазақстан үкіметі тарапынан бөлінген 140 млн. теңгенінің шарапатын көргенше қандастарымыз неше түрлі қиындықтарға тап болары сөзсіз. Алайда, оларды ең бастысы бауыр еті балаларының 2 жылдан бері қай мектепке барарларын білмей көздері жәутеңдеп үйде отырғаны алаңдататын көрінеді. Түркістандағы бауырлар шыдамның да шегі бар жауапты шенеуніктерде сезініп, аталған мәселені сағызша созбаса екен дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG