Accessibility links

Қазақстан көп ұлтты саясатты насихаттай бастады


30 тамыз күні қазақстандықтар ата-заң немесе Конституция күнін атап өтеді. Үстіміздегі жылы бұл мерекелеге орай Қазақстан халықтары ассамблеясына мүше мәдени орталық жетекшілері мемлекет тарапынан арнайы тапсырма алды.

Бұл тапсырма бойынша, кез-келген ұлттық мәдени орталық өздері шығыратын газет- журналдарда, Қазақстандағы көп ұлтты саясатты насихаттап, ақпарат таратуы керек. Ұйғыр тілінде шығатын «Дидар» журналының жетекшісі Әлімжан Телебалдының пікірінше, бұл өте дұрыс шара.

Ұйғыр тілінде шығатын «Дидар» журналының жетекшісі Әлімжан Телебалдының пікірінше, бұл өте дұрыс шара.

Ұйғыр тіліндегі «Дидар» журналының жетекшісі Әлімжан Телебалды:

- Ұлттық басылымдардың барлығы өздерінің ұлттары туралы жазады, дейді. Енді ұлтаралық мәселелерге назар аударсаңдар,деп ұсыныс жасады. Бұл дұрыс біз ұлтаралық, достық, бірлік мәселесі туралы жазған емеспіз, енді қазіргі кезде мүндай қажеттілік туындап отыр, енді біз міндетті түрде бұл мәселеге көніл бөліп, насихат жүргіземіз. Бізде «Дилар» журналында ұйғыр мен қазақтың достығы жөнінде материал көп, сосын әзірбайжан, түрік, өзбек халқы туралы жаздық.Енді Қазақстандағы немістер, поляктар туралы жазамыз, деп жоспарлап отырмыз. Болашақта мемлекет тарапынан осы тақырыпта жазатын газеттерге шағын түрде ақша беріп тұрса, себебі мемлекет тарапынан тек «Ұйғыр авози» газетіне ақша бөлінеді, қалғандары өз күндерін, өздері көреді, жалпы ұйғыр тіліндегі басылымдар қиындықтан енді шығып келе жатыр, сондықтан оларға қиын болады.

«Дидар» журналының жетекшісі Әлімжан Телебалды бұл Кеңес Одағынан қалған әдетті қайта қайталау, дегені мойындағанымен, қазіргі заманда шындықты айтуға болады, деген ойда. Сонымен қатар, Әлімжан Телебалды, Қазақстанда ресми немесе мемлекеттік тілдегі басылымдар шындықты айтқаны үшін қысым көріп жатыр, дегенге қарамастан, өз басылымында шындықты айтамын, дегенге сенеді.

Ұйғыр тіліндегі «Дидар» журналының жетекшісі Әлімжан Телебалды:

- Рас, Кеңес Одағы кезінде мұндай саясат болған, бірақ бұл коммунизм идиологиясының астында қалды. Қазір ондай емес, ұлттар өздерінің даму жолына түсіп жатыр, енді сол Қазақстандағы достық мәселесін насихаттау керек. Бұл мәселе өзінің бар кемшіліктері мен шығу керек, сонда бұл кез-келген адамды, оқырманды қызықтырады.

Татар-башқұрт ұлттық мәдени орталық төрағасының орынбасары Рафел Аблаковтың айтуынша, татар-башқұрт ұлттық мәдени орталығы Қазақстанның Конституция күніне орай насихат жүргізуге дайын. Бірақ бұл мәдени орталықтарға өте қиын,-дейді ол. Татар-башқұрт ұлттық мәдени орталық төрағасының орынбасары Рафел Аблаков:

-Насихаттаңдар, деп отыр, бірақ насихаттауға бізге де көмек керек. Енді бұл мәселе әзірге шешілмейді, мемлекетіміз дамыса, байыса, сонда бізге көмек беретін шығар, деп ойлаймыз. Қиындыққа келер болсақ, Кеңес Одағы кезінде мұндай басылымдарға мемлекет тарапынан ақша бөлетін, қазір ол жоқ, сондықтан бізге қиын. Егер қиын болмаса, біз өзіміздің мәселелерімізді, басқа ұлттардың мәселесін жазатын едік. Сонымен қатар, Рафел Аблаков Қазақстан халықтары ассамблеясы ұлттық мәдени орталықтарға тек керек уақытында ғана емес, әр дайым көніл аударып тұрса, деген ойын жеткізді.

Татар-башқұрт ұлттық мәдени орталық төрағасының орынбасары Рафел Аблаков:

-Бізге әрдайым көніл бөліп тұрса, әдетте бізге Үкіметке керек уақытта ғана көніл бөледі, сайлау уақытысында, біреуді әлпештеп көтеру кезінде ғана уақыт бөледі, болашақта көз бояушылық болмаса, деп ойлаймын, Біз осы мемлекеттің азаматтармыз,осында туып өстік, бар күшімізбен осы мемлектке еңбек етеміз, аянбай жұмыс жасаймыз, сол себептен Қазақстан халықтарына көніл көп боліну керек, деп ойлаймын.

Көп ұлтты саясатты насихаттау жұмысына өзбек қауымдастығыда ат салусыға дайын, осы тапсырманы алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысынан «Сайрам садоси» өзбек газетінің жетекшісі Юсуфжан Сайдалиев Алматыға арнайы келген.

«Сайрам садоси» өзбек газетінің жетекшісі Юсуфжан Сайдалиев:

- Біздің газет бес мың дана болып шығады, бұл Оңтүстік Қазақстанда тұратын өзбектердің газеті.Жалпы Қазақстанда тұратын өзбектердің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Онда екі газет шығады. Бұл басылымдарда түрлі ұлттардың мәдениеті туралы жазуға дайынбыз, бірақ біздің газетіміздің көлемі кішкентай, бізге көптеп хат келеді, газет ресми ақпаратқа толы, сол себептен біздің ұлттарды насихаттайтын мүмкіндігіміз жоқ. Бірақ ақша болса, жасауға болады, бір бетті достық мәселесіне немесе ұлттардың мәдениетіне арнап қоятын едік.

Бұл тапсырманы әр-бір ұлттық мәдени орталыққа жеткізу үшін Қазақстан халықтары ассамблеясының жетекшілері арнайы семинар өткізген. Ассамблея мүшесі, Әзірбайжан қауымдастығының өкілі Әсли Османова кездесу өте жақсы өтті деген ойда, бірақ кемшіліктеріде жоқ емес.

Ассамблея мүшесі, Әзірбайжан қауымдастығының өкілі Әсли Османова:

-Менің сол көңілім толмайтын нәрсе, барлық ұлттық мәдени орталықтардың газет-журналдары бар, театрлары бар, бірақ олар қазақ халқы туралы, қазақтың мәдениеті туралы айтпайды, кездесу барысында қазақша сөйлемейді. Әр дайым көмек сұрайды, неге Қазақстан олардың барлығына көмек беру керек, неге олар өздері мемлекетке көмектеспейді.Мен осыған наразымын. Ал, жалпы кездесі өте жақсы өтті.

Қанша қиын болса да ұлттық мәдени ортылықтар өз басылымдарында Конституция күнінне орай, көп ұлтты саясатты насихаттауға бел буды, бірақ болашақта мұндай шараларды іске асыруда мемлекет тарапынан қолдау табамыз, деген үмітте.
XS
SM
MD
LG