Бүгін таратқан хабарында Израиль радиосы қамауға алынғандар террорлық әрекеттер жасау мен қолдан зымыран шығарумен шұғылданушы жергілікті терроршылдар болса керек деді. Сәрсенбі күні Израиль өз абақтыларынан 300-ден аса арабты бостандыққа шығарған-ды. Дүйсенбі күні 100-ге тарта палестиндік бостандыққа шығарылуы тиіс. Палестина автономиясының басшылығы барлық арабтарды азат етуді талап етуде, қазіргі уақытта Израиль түрмелерінде 6 мыңдай палестиндік отыр.