Accessibility links

Либерия президенті елден дүйсенбі күні кетеді


Либерия президенті Чарлз Тейлор елдің басым көпшілігін басып алған көтерілісшілерге біржолата көніп, алдағы дүйсенбіде елден кететінін мәлімдеді. Кеше ол парламентке келу керек еді, алайда тек хат жолдаумен шектелді. Жоғары билік вице-президент Мозес Блахқа уақытша өтетіні айтылды. Чарлз Тейлор өзін халықаралық қастандықтың құрбаны деп сипаттап отыр. "Көтерілісшілерге көршілес елдер қанат байлады, Біріккен Ұлттар Ұйымы еңігізген эмбарго шектеулері өкілеттігіміді толыққанды атқаруға бөгет жасады", дейді Чарлз Тейлор. Либерия президенті көршілес Нигерияда баспана алып отыр. Либериядағы азаматтық соғысқа жалпы бірнеше жыл болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан Чарлз Тейлорды соғыс қылмыстарын жасады деп сөгіп келеді. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Тейлор жақын арада кететін шығар деп үміт айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG