Өткен жұма күні Солтүстік Осетияның Моздок қаласында Ресей әскери ауруханасына шабуыл жасалып, елу шақты азамат қаза тапқан. Бұл қылмысқа аурухананың бастығы подполковник Артур Аракелян жол берді, міндетін дұрыс атқармады, немқұрайлық танытты деп айыпталды.
Аурухананың ауласына жарылғыш затқа лық толы мәшине кіріп кеткен болатын. Бұл жайттың мүмкін болғанына Артур Аракеляннің айыпталғанын Ресей прокуратурасы кеше жариялады. Шабуылды ешкім мойнына алмаса да, Ресей үкіметі оны чешен көтерілісшілерінен көріп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Орыс әлеміне" бола соғыс
"Өзін жек көретіндер үшін жанын пида етті". Мәскеу соғысқа Ресей қазақтарын да салып жатыр
AzattyqTV