Accessibility links

Джордж Буш Палестинаның Вашингтондағы кеңсесіне тағы да жарты жылға қызмет етуге рұқсат берді


"Палестинаны азат ету" ұйымының кеңсесі Вашингтонда 1993 жылғы келісімге сәйкес жұмыс істеп жатыр. АҚШ Конгресі "Палестинаны азат ету" ұйымынан Израилді мемлекет ретінде мойындауды, Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті шешімдерін орындауды талап етіп отыр. Бүгін түнде жазбаша жарияланған мәлімдемесінде президент Джордж Буш "Палестина өкілеттігіне жағдай жасау АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне септігін тигізеді" деді. Палестина бас министрі Махмұд Аббас бүгін Сауыд Арабстанда сыртқы істер министрі Сауыд Әл Файзал ханзада және патша тағына үміткер ханзада Абдұлла бин Абдұл Әзіздермен кездесіп, Таяу Шығыс мәселесін талқылайды. Палестина бас министрі Парсы шығанағы мемлекеттерін төрт күн бойы араламақ.
XS
SM
MD
LG