Accessibility links

Оңтүстік Африкада СПИД-ке қарсы күрес конференциясы өтті.


СПИД-ке қарсы күреске арналған конференция барысында Оңтүстік Африка өкіметі біраз сын астында қалды.

Аталған конференцияны Оңтүстік Африка өкіметі осы аптада, өз елінде өткізген еді. Оның барысында басқосуға қатысушылар бұл ел өкіметін СПИД ауруымен ауырғандар санын азайтуда ешқандай шаралар қолданбай отырғаны үшін айыптады.

Дей тұрғанмен аталған конференцияның бұл елде өтуінің өзі Оңтүстік Африка өкіметінің СПИД-ке қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетуіне түрткі болуы мүмкін,- деген де негіз бар. Ол бағдарлама бойынша аталған ауруға қарсы дәрілерді арзан бағаға кедей адамдардың алуына жағдай жасалатын болады. Жағажай қаласы Дюрбанда өткен бұл төрт күндік конференция барысында, ғимарат сыртында шерушілер өз наразылықтарын білдірісті.

Оңтүстік Африкада ВИЧ ауруына шалдыққандар әлем бойынша ең көп санды құрап отыр. Шамамен 4 миллион 800 мың оңтүстік африкалықтар осы ауруға шалдығып отыр. Күн сайын бұл елде аталған ауру белгісімен 600-дей адам өмірден өтіп жатады екен. Ол ауруға қарсы дәрі-дәрмектер сырқаттардың өмірін ұзарта түсер еді-, дейді мамандар. Алайда, өкімет өкілдерінің айтуынша, мұқтаждарға дәрілерді бұлайша үлестіріп беру тым қымбатқа түспекші.

Олардың айтуынша, оңтүстік африкалық кедей емес азаматтарға да дәрі-дәрмектерді алу аса оңай емес. Денсаулық министірі Манто Тшабалала-Мсимаң ханым арқылы ел өкіметінің айтуынша, олар әзірге аталған бағдарламаны ел өміріне енгізуге дайын емес. Оның айтуынша Ұлттық Қазына министрлігі мен өзі басқарып отырған министрлікке ұсынылып отырған бұл бағдарламаның жайы талқыланған екен. Алайда, оны жүзеге асыруға әзір дайындықтар жоқ. Министрдің бұл мәлімдемесіне шерушілер қатты наразылық танытты. Соның бірі- Заские Ачмат деген азамат:

“Біз министр Тшабалала-Мсимаңға біздің ауруханаларға кел. Бізбен бірге үйлерімізге бар. Қабірханаларға кел, сөйт те біздің халқымыздың не істеп жатқанын көр. Бұл ауруға қарсы күресте өздеріңнің не тындырып жатқандарыңды сонда көресің, дегіміз келеді,”- деді шерушілер атынан.

Дей тұрғанмен елдің Батыс мүйісіндегі провинцияда СПИД ауруына қарсы күрес бұдан бірнеше жыл бұрын басталып кеткен екен. Соның нақты нәтижелері, тұтас елде күрес шараларын жүргізу жолында, ел өкіметіне үлгі бола алады.

Атап айтқанда 1999-шы жылы бұл аймақта анасының ауруы балаға ауыспасын, деген бағытта көптеген алдын-алу шаралары жүргізіліген болатын. Қазірдің өзінде бұл провинцияда 10 мыңнан аса әйелдер ауруларына қарсы емдік дәрілерді қабылдауда. Өкілдердің айтуынша, алдағы 10 жыл ішінде тағы 30 мыңдай адамға осындай қол ұшын беру жоспарлануда.

Сондай-ақ аталған провинцияның шалғай ауылдарында тұратын қарапайым халықты тегін түрде тексерулерден өткізіп тұру да қарастырылуда. Оған жұмсалатын қаржылар шет елдік көмек көздерінен алынып отыр, - дейді Азаттық радиосының тілшісі Рон Синовиц мамандар пікіріне сүйене отыра.
XS
SM
MD
LG