Маскеу.Ресей ақпарат агентіктерінің хабарлауынша кеше кешкісін Ингушетияның Шешенстанға шекаралас бір ауылында болған атыста белгісіз біреулер 6 орыс солдатын өлтірген. Сондай-ақ, кеше шешен көтерілісшілерінің атқылауынан құлаған тікұшақтағы үш орыс ұшқышы да опат болған. Соныңмен ресми мәлімет бойынша соңғы тәулікте жеті орыс жауынгері опат болған. Шешен жікшілдерімен орыс әскерінің арасында Шешенстанда күн сайын дерлік шайқас жүріп жатыр. Ал, Ресей басшылығы болса қазан айында Шешенстанда президентік сайлау өтеді деп отыр.