Accessibility links

Бали бүлігін ұйымдастырды делініп өлім жазасына кесілген террористің адвокаты сот укімін бұздыру үшін шағым берді


Бали. Индонезия. Кеше Индонезия соты негізінен шетелдік 202 адамның ажалына жеткен Бали бүлігі үшін айыпты деп табылған Амрози бин Нұрхасиямды өлім жазасына кесті. Бүгін айыпталушының адвокаты Вираван Аднан сот үкімін бұздыруға шағым берді. Адвокат Аднан қорғауындағы азамат Амрозиді Бали бүлігін ұйымдастырушы емес деп біледі. Айыпталушы Амрози өлсем шейіт кетемін деп адвокатынан шағымданбауды сұраған. Бірақ, адвокат айыпталушының атынан шағым беруге өз құқының бар екенін мәлімдеген. Осыдан екі күн бұрын Жакартада қонақ үйде қопарылыс болып 10 кісінің ажалына жеткені аян. Бали булігі де, бұл соңғы Жакартадағы америка еншічіндегі Мариотт қонақ үйіне жасалған бомбалық шабуыл да Ал Каида террористік ұйымымен байланыстағы Джемаха Исламия тобының жұмысы делініп отыр. Жакартада өткен баспасөз мәжілісінде полиция өкілі Ервин Маппасенг Мариотт қонақ үйіне жасалған шабуылға қатысты делініп екі кісінің тұтқындалғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG