Тикрит. Ирақ. Бүгін Ирақтың Тикрит қаласының базарында қару сатумен айналысып жүрген 2 кісіні Америка солдаттары өлтірген. Ассошайтед Пресстің хабарлауынша американдық полковник Сив Руссел өлтірілгендердің Калашников автоматын сатып жүргенін мәлімдеген.Полковник рұқсат етілмеген мылтық ұстап жүргендердің бәрі де Ирақтағы Америка әскерінің жауы деп біледі