Әзірбайжан президенті Ғейдар Әлиевтің ұлы Әзірбайжан бас министрі Ильхам Әлиев әкемнің денсаулығы қалыпты жағдайға түсті, жақын арада ол елге оралады деп, кеше Ресей мемлекеттік телекомпаниясына сұхбат берді. 80-жасар Ғейдар Әлиев жүрек және бүйрек ауруларынан бір ай бойы Түркияда емделіп, жақында Американың Клевеленд қаласына жеткізілді. Американдық дәрігерлер кеше мәлімдеме жасап, Ғейдар Әлиевтің көңіл-күйі жақсы, оның ешқандай жүйке ауруы жоқ деп хабарлады.
Әкелі –балалы Әлиевтер алдағы қазан айына белгіленген президенттік сайлауға үміткерлер ретінде тіркелді. Әзірбайжан оппозициясы елімізде хан билігі орнатылып жатыр деп қатты наразы. Оппозиция кеше Конституциялық соттың алдында шеру өткізді. Полиция бірнеше белсендіні қамауға алды. Бір топ белсенді әкелі-балалы Әлиевтерді Америка қолпаштап отыр деп, АҚШ елшілігінің алдында тосқауыл жасады. Бұл жерде ешқандай қақтығыс болмаған сияқты.