Accessibility links

Ауғанстандағы бітімгершілік қызмет НАТО жасағына өтеді


Ауғанстандағы бітімгершілік қызмет алдағы дүйсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағындағы халықаралық жасақтан НАТО батыс одағының жасағына өтеді. Қазіргі жасаққа Германия мен Голландия басшылық жасайды. Халықаралық қауіпсіздік күштерінің қолбасшысы Германия генералы Норберт ван Хейст жасаққа тағы он мың сарбаз керек ақ, оның міндеті тек Қабулды күзетумен шектелмесе жөн деп Германия телекомпаниясына кеше сұхбат берді. Халықаралық жасақта қазір 4600 сарбаз қызмет етеді. Бітімгершілік әскерді Ауғанстанның барлық аймақтарына қоныстандыру келесі жылға жоспарланған жалпы сайлауларды өткізуге септігін тигізер еді деп айтылды.
XS
SM
MD
LG