Accessibility links

Елді-мекендерді көтеруге қаржы бөлінбек


Республиканың елді-мекендерін қайта түлетуге 2003 және 2005-ші жылдарға бюджеттен 180 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлу көзделіп отыр.

Бұл орайда 288 мыңнана аса адам тұратын 776 елді мекенге, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарға қоныстанғандарға алғашқы кезекте жедел көмек көрсетілетін болады, - деп хабарлайды Қазақақпарат агенттігі.

Министрліктің қолдау көрсетуімен ағымдағы жылы ауылшаруашылығы ұйымдары мен шаруа қожалықтарының техника сатып алуы, өндірістік жағынан жарақтандырылуы біршама жақсарған. Биылғы жылы «Агрофинанс» корпорациясының бір өзі ғана салалық ұйымдарға 400-ден астам комбайнды лизнгке тапсырды. Мұның сыртында өз бетімен техника сатып алып жатқандары да бар.
XS
SM
MD
LG