Accessibility links

Кәсіпкерді өлтіргендер бір жарым тәуліктен кейін ұсталды


Тамыздың 6-сы күні түн жарымында кәсіпкер жігітті атып өлтірген қанды қол қылмыскерлер бір жарым тәуліктің ішінде тұзақталды.

Тамыздың 6-сы күні түн жарымында кәсіпкер жігітті атып өлтірген қанды қол қылмыскерлер бір жарым тәуліктің ішінде тұзақталды. Бұндай қылмыс Астанада биылғы жылы бірінші рет орын алып отыр, -деп мәлімдеді тамыздың 11–і күні өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары Есмағзам Қоқанов. Есмағзам Қоқановтің айтуынша, мерт болған 45 жастағы кәсіпкер Могамед Чочаковтің тегі дағыстандық, Қылмыс жасағандар да осы ұлт өкілдері. Олар 1970 жылы туылған Вагид пен 1961 жылы туылған Абу-насыр деген азаматтар.

- Жәбірленушіні бірінші қалалық ауруханаға алып барғанда, есін жимастан түнгі сағат төрттен он минут өткенде қайтыс болған. Оқиға болған жерден пистолеттен атылған оқтың 4 гилзасы табылды. Кісі өлімін тексеру кезінде 4-5 болжау жасалған. Соның бірі ретінде туыстарын тексергенде, осы қалада тұратын екі дағыстандық кісі ұсталды. Олар жәбірленушінің алыс туыстары. Олар жәбірленушінің қарамағында жұмыс істеген. Өзіміздің ойымызша, бұл туысқандар арасындағы көре алмаушылық, - деді Астана қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары Есмағзам Қоқанов. Қылмыскерлер қамауға алынған. Қылмыс жасағандарын мойындаған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG